«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

1  169 көрілім

Бүгін шаһардағы Иассы орталық мешітінде «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы болып өтті.

Жиында қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев барша тұрғындарды қасиетті ұлық болған жұма күнімен құттықтап, керемет шараның жақсылықтары мен берекесін тілге тиек етті. Ел азаматтарының осындай жомарттық танытып, тұрмысы төмен отбасыларына шынайы жәрдемші бола білгендеріне алғысын айта келіп, қаламыздағы кәсіпкерлерді осы игі бастаманы   жалғастыруға шақырды.

Атаулы шара аясында жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға  21 тонна көмір, 23 балаға қыстық киім мен аяқ киімдер және 30 жанұяға азық-түлік көмекке берілді.

«Бұл біздің бүгін ғана жасап жатқан жақсылығымыз емес. Қайырымдылықпен үнемі айналысып келеміз.  Мәселен жаңа жылдың алдында Арыс қаласындағы балалар үйіне барып, 70 балаға жаңа жылдық сыйлықтар мен киім кешектер апарып бергенбіз. Өңіріміздегі кәсіпкерлерге, әріптестерімізге айтарым осылай қолдан келгенше, мұқтаж жандарға көмектесіп тұрса деймін», – деді облыс мәслихатының депутаты Абдирасул Құрбаналиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары