АУЫЛДАСЫНА КҮШ КӨРСЕТІП, МАЛЫН АЛҒАН

1  008 көрілім

Созақ ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері ауылдасына ішімдік ішкізіп, тонап кеткен үш күдікті ер азаматты ұстады. Олар жәбірленушінің 2 бас қойын ашықтан ашық алып кетіп, 150000 теңге шығын келтірген. Хабар алысымен оқиға орнына шыққан полицейлер оқиға орнын мұқият тексеріп, күдікті ер азаматтардың баруы мүмкін жерлерді тексерді. Осылайша, тәртіп сақшылары күдіктілерді тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, жәбірленуші ер адамның Созақ ауданы Шолаққорған ауылынан 15-20 шақырымдық жерде орналасқан мал қорасына сырттай таныстары келіп, үйінің есігін бұзу арқылы ішке кірген. Содан соң өздерімен бірге алып келген спирттік ішімдікті үй иесіне қинап ішкізіп, қорасының артындағы алюминий сымдарын сұраған. Жәбірленуші оны бере алмайтынын айтқан сәтте, күдіктілер орнына қой сұрап, оған күш көрсеткен. Осы кезде күдіктінің бірі қорасындағы қойларының ішінен 2 бас уақ малды алып шығып, өздерімен бірге алып кеткен. Бүгінгі таңда күдіктілерден қолды болған қойлары тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы