ҚАЗАҚСТАНДА АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 5 ЕСЕГЕ КӨБЕЙДІ

621 көрілім

Қазақстанда аутизмге шалдыққандар саны көбейген. Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің мәліметінше, кейінгі 7 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе өсті.
2021 жылдың 31 желтоқсанындағы мәлімет бойынша науқастардың жалпы саны – 4887.

2015 жылы аутизм 228 баладан анықталды.

2016 жылы – 285;

2017 жылы – 394;

2018 жылы – 476;

2019 жылы – 645;

2020 жылы – 756;

2021 жылы – 1184.

Департаменттің мәліметінше, соңғы 7 жылда науқастар саны көп екендігі жан-жақты тексеру, жаппай диагностика жүргізу нәтижесінде анықталған.

Аутизм — адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.

Сонымен қатар аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы