СЕНБІ ТАҢЫ – ТАҒЫ ДА ТАЗАЛЫҚПЕН БАСТАЛДЫ

1  787 көрілім

Түркістанда жалпықалалық сенбілік жалғасын тапты. Қала әкімдігіне қарасты түрлі бөлім қызметкерлері, коммуналдық қызметтер мен жастар ұйымдарының өкілдері қала тазалығына немқұрайлы қарамай, тұрғындарға үлгі көрсетті. Олар көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындарда жиналған күл-қоқыстарды тазартты.


Мәселен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан сенбілікке 50 маман, ал “Бөген арнасы” мекемесінен де 50-ге тарта қызметкер сенбілік жұмыстарына белсенді қатысты. Сондай-ақ, 3 аумақ бойынша барлық ауыл билері де таза Түркістанды қалыптастыру үшін бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып, жұдырықтай жұмылды.
“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы