Индустриалды аймақтағы жарқын жобалар

1  553 көрілім

Түркістан қаласында Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаның орындалу барысында Іске қосылған кәсіпорындар тізбесін назарларыңызға ұсынамын.

Түркістан қаласының Индустиралды аймағында (Балтакөл тас жолы н/з) орналасқан “EKP Group 878” ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты қазіргі таңда жұмыс жасауда.

Аталмыш зауыт 2021 жылдың шілде айында іске қосылған. Инвестиция көлемі – 1041,0 млн. теңгені құрайды. Осының негізінде 16 жұмыс орны ашылды. Зауыттың қуаттылығы жылына 350 мың тонна асфальт бетон шығарады. 36 мың м3 темір-бетон және 20 мың м3 газаблок өндіреді.

Осы аймақта орналасқан “Спец Строй” ЖШС асфальт-бетон бұйымдарын өндіреді. Зауыт 2021 жылдың қазан айында іске қосылған. Инвестиция көлемі – 1100,0 млн теңгені құрайды. 241 азамат жұмыспен қамтылған. Қуаттылығы-жылына 200 мың тонна асфальт-бетон және 30 мың тонна бетон қоспаларын өндіреді.

Сонымен қоса, «Klaztor LTD» ЖШС сым темір өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылған.  Жобалық құны 112 млн. тенге, қуаттылығы жылына 180-300 тонна өнім шығарады, жер көлемі: 1га. Зауытта 60 адам жұмыс атқарады. Құрылысы 2018 жыл басталып, 2020 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда зауыт толық көлемде жұмыс жасауда.

 «Нурлы НазАй» ЖШС-і  – көп  функционалды POS терминалдарын құрастырумен айналысады. Жоба құны: 300 млн. тенгені құрайды. Компания қуаттылығы  жылына 1 000 дана POS-терминал шығарады.  Жұмыс орнында 20 адам қызмет атқарады. Пайдалануға 2020 жылы берілген.

Пайдалануға 2020 жылы берілген «MAKS BETON» ЖШС-і  бетон өнімдерін шығарады. Жоба құны 120 млн. тенгені құрайды, зауытта  24 адам жұмыс істейді. Өндірген өнімінің құны 120 млн.тенгені құрап отыр.

«Айбек ЛТД» ЖШС зауыты пайдалануға 2019 жылы берілген. Жоба құны: 216,5 млн. теңгені құрайды. Жер көлемі: 1,6 га аумақты алып жатыр. Толық көлемде 30 адам жұмыс жасап, 152 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

«SouthAluplast» ЖШС зауыты асфальт-бетон жене бетон өнімдерін өндіреді. Жоба құны 510 млн. теңгені құрайды. Жер көлемі: 1,5 га аумақты алып жатыр. Аталмыш зауытта 56 адам жұмыспен қамтылған. 2020 жылы қолданысқа берілген. Толық көлемде жұмыс жасап, 180 млн теңгенің өнімін өндірген.

Біздің мақсатымыз, қаламызға инвесторларды тартып индустриялды аймақта қосымша кәсіпорындар ашып, жұмыссыздықты азайту.

Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы