Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау басты назарда

1  098 көрілім

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» төртінші міндет ретінде «Шағын кәсіпкерлікті қолдау» көрсетілген. Осыған орай биылғы жылы қала тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 250 азаматқа қайтарымсыз грант қаражаттарын ұсыну көзделіп, өтініш білдірген 256 азаматқа комиссия шешімімен 149350,0  мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды. Сонымен қатар өз ісін ашуға немесе дамытуға ниет білдірген 48 азамат шағын несиемен қамтылып, бүгінде өз кәсіптерін жүргізуде.

«Қарапайым заттар экономикасы»  бағдарламасы бойынша 23 жоба ұсынылып, 720,0 млн. теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды. Олар: КХ «Асан» – 40 млн. теңге, «TURKISTAN-BOLASHAG» GIMNAZIASY ЖШС-260,0 млн. теңге, «Құдайбергенова Сабира» ЖК-50,0 млн. теңге, «Бөбекжай бала-бақша» Zerek kids» ЖШС-50,0 млн. теңге.    Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында  қала тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу бағытында Еңбек мемлекеттік бағдарламасы аясында Бастау бизнес жобасы бойынша ағымдағы жылы 293 азамат кәсіптік сауат ашу курстарын аяқтап, арнайы сертификаттармен қамтылды. Биылғы жылы Еңбек мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын ұйымдастыруға екі («Болашак колледж», «ИТАКА» бірлестігі)  оқу ұйым қатысып, оқыту процесін онлайн форматта  жүргізді.  Оқуды 50 азамат аяқтап арнайы мамандандырылған сертификатпен қамтылды. Алдағы уақытта бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 15 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Олар: субсидиялау бойынша 7 жоба, кепілдендіру бағыты бойынша 2 жоба, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 2 жоба, грант бойынша 6 жоба мемлекеттен қолдау алды.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер үлесі 96,1%-ға жетіп, кәсіпкерлер саны 12003 мыңға жетті. Ал ондағы жұмыскерлер саны 27036 адамды құрайды. Сүйікті қаламыздағы шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау депутаттардың басты назарында болып, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстары жалғаса береді.

Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы