Жайлы қала бағытындағы жұмыстардың нәтижесі

1  459 көрілім

Түркістан қаласында Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында дамудың жеті басымдықтарның бірі Жайлы қала бағыты бойынша Отырар ауданынан кіре берісі аумағында 3 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы толығымен аяқталды. Ал 2,8 шақырымды құрайтын Халықаралық Қазақ-Түрік университеті тас жолына аяқ жол мен вело жол, суағар науа салу және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Асфальт жабындысы төселді.

2021 жылы қала бойынша жалпы 15,1 шақырым болатын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде, қала көлеміндегі асфальтталынған көшелер 37,4% құрайды.

Әл Фараби көшесімен келіп, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінен оңға бұрылатын автокөліктердің кедергісіз бұрылып, тоқтаусыз жүріп кетуіне ыңғайлы жағдай жасалынып, көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізуде.

2021 жылы Түркістан қаласына 8 бағдаршам нысанын орнату жұмыстары жоспарланған. Алайда, қолданыстағы бағдаршамдардың тұрақты жұмыс істеуіне байланысты оларды ауыстыруға аса қажеттіліктер анықталмаған. Қала бойынша, жаңа 4 орынға бағдаршам нысанын орнатуға жергілікті бюджеттен қаржы қарауға сұраныс жасалынып, қазіргі уақытта соның 1-не қаржы қаралып, бағдаршамды орнату жұмыстары толығымен аяқталды. 2021 жылы жоспар бойынша 30 аялдама салу жоспарланып кәзіргі таңда толықтай аяқталды.

Қаламызда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда.

Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы