Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

674 көрілім

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.  Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай,  сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы – сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал  келтіріп, дүниетанымдарын бұзады. Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан­­дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү­­зеге асырылып келеді. Сыбайлас же­м­­қорлықтың көріністерін жою мақ­са­тында заңнамалық актілер қа­был­дан­ды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қыз­мет­­тердің алынуын жеңілдету үшін элек­тронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты ен­гізілді. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет іс­тері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі құрылды. Оның негізгі міндеті мемлекеттік қызмет са­ла­­сындағы басшылықты, мемлекеттік қыз­­мет көрсету санасын бақылау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұ­зу­шылықтардың алдын алу болып та­бы­лады. 

Түркістан қалалық СЭББ жетекші маманы                Л. Бапанова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы