Жылауық құрт қауіпті! Сақтаныңыз!

998 көрілім
  1. Жылауық  қүрт қандай ауру,  оның қоздырғышы не ?

      Ол паразиттік ауру, қоздырғышы таспалық құрт болып саналады.

  • Жылауық құртын жұқтырудың ең бастысы не болып табылады?

Ең басты көзі ит болып табылады, құрт иттің  ішек – қарнында, ауру ит нәжістенгенде жылауық құрт тұқымы нәжісімен бірге  бөлініп  қоршаған ортаны  ластайды (суды, топырақты, шөпті, бау-бақшаны, затты).  Жылауық құрттың тұқымы қоршаған ортада жақсы сақталады.Суммен, жеммен жануарлардың ішектеріне түсіп содан бауыр, өкпесіне енеді. Содан личинка көлемі 10-20см.  болатын  қуысқа  айналады.

  • Жылауық құрт адамға қалай жұғады?

Жылауық құрт тұқымы  адамға сумен, тамақпен, кір қолмен, немесе ауру  малдың жүнін  қырыққанда,сүтін сауғанда жұғады.

  • Аурудың қандай белгілері болады және адамның қандай мүшелері  зақымданады?.

Адамның кез келген мүшесі зақымдануы мүмкүн, көбінесе  бауыры мен өкпесі зақымданады. Бауыр зақымданған кезде оң жақ қабырғасы ауырады, ауырлайды, егер өкпе зақымданса, көкірегі ауырады, жөтеледі, кейде қан түкіреді.

  • Ауруды қандай жолдармен анықтайды?

Ауруды клиникалық, зертханалық, ренгонологиялық тәсілдермен тексеріп, анықтайды. УЗИ мен толық тексеруден өткен соң ғана диагноз қойылады.

  • Ауруды қалай емдейді?

Ауруды тек хирургиялық тәсілмен емдейді.

  • Аурудың қалай алдын алуға болады немесе сақтануға болады?

Жеке басының тазалығын сақтау қажет. Әсіресе итті  күткеннен кейін, итпен бірге  болғаннан кейін  қолды міндетті    түрде  жуу керек. Итті  мал сойғанда, малдың зақымданған  мүшелерімен (өкпе,бауыр) тамақтандырмауИттерді   малдәрігерлік пунктінде тексеру қажет.

          Түркістан  қалалық   СЭББ   ж/м     Сарсенбаева.З.Е

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы