Жедел вирусты гепатит

1  177 көрілім

Вирустық гепатиттер жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері болып табылады.

Вирусты гепатиттер – бұл клетка ішілік өте ұсақ паразиттер – вирустармен шақыралатын, бауырдың жұқпалы аурулар тобы. Қазіргі таңда мына вирусты гепатиттер – А, В, С, Д және Е толық зерттелген. Осылардың ішінде ең қауіптісі парентеральды жолмен берілетіні – гепатит С. Бұл гепатит 85 % жағдайда созылмалы гепатит С-ға әкеледі.  Жедел және созылмал гепатит С өте жиі симптомсыз жүреді, сондықтан ауруды жұқтырған алдамдар дер кезінде медициналық көмекке жүгінбейді және қоршаған ортаға қауіпты болады. Осылайша жасырын, жұмсақ ағымды болғаны үшін гепатит С-ны «мейірімді өлтіруші» деп атаған. Гепатит С-ның емі өте қымбат, ал одан толық сауығып кету мүмкіндігі аз. Гепатит С-ға вакцина әлі күнге дейін жоқ.

Жұғу жолдары: залалсыздандырылмаған инемен инъекциялану, гемодиализ, татуировкалар, инемен және инструменттердің өткір ұштарымен тері қабатының зақымдалуы, сілекей арқылы тасымалдану, перинатальды, жыныстық жолмен, қан және оның препараттарын құю.

Қауіп топтары: наркомандар, сотталғандар, гемодиализ сеансын алған науқастар, инемен және өткір құралдармен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері, донор қанының реципиенттері.

Гепатит С-ның лабораторлық диагностикасы.

Гепатит С-ның лабораторлық диагностикасы ВГС-ның (анти  – ВГС IgG/М, РНК ВГС) арнайы жұқтыру маркерларының табылуына  және иммуноферменттік анализбен (ИФА) жүргізіледі. Нәтижесі оң болған жағдайда полимераза тізбектік реакция (ПЦР) – генотипті және виремия деңгейін толыққанды білу үшін жүргізіледі.

Гепатит С-ның клиникалық диагностикасы.

ВГС жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел гепатит С – вирусты гепатит С мен шақырылған инфекция. Айқын клининкалық жағдайларда жедел бауырдың зақымдалу симптомдарымен көрініс береді, өте жиі ол аздаған интоксикациямен және көп жағдайда созылмалы гепатиттің дамуымен аяқталады.Жедел вирусты гепатит С инфекциясы (30% жағдайда) сарғаюмен жүреді, бірақ көптеген науқатарда сарғаю алды кезеңі болмайды. Бауыр ферметтерінің (АлТ) деңгейінің жоғарлауы тән. Ал ол вирусты гепатит В-да аз мөлшерде көрініс береді. РНК вирусы қан сары суында және бауыр тінінде өте ерте анықталады, ал құрылымсыз антигендерге антидене өндірілуі өте жәй басталады.

Созылмалы гепатит С – бұл бауырдың жайылмалы ауруы, ол 6 ай және одан да көп уақытқа созылады және оның себебі гепатит С вирусы болып табылады. Жедел вирусты С диагнозы клиникалық симптомдар комплексіне (бауыр мен талақтың ұлғаюы), биохимиялық (АсТ, АлТ – аминотрасфераза белсенділігінің жоғарлауына), вирусологиялық (қаннан РНК ВГС және/немесе анти – ВГС-ның табылуы) көрсеткіштерге, аурудың басталғанға дейінгі 1-4 ай ішінде парентеральды манипуляциялармен байланыстың болуы негізіне сүйеніп қойылады.

Вирусты гепатит С кезінде инкубациялық кезең шамамен 2 аптаға созылады, бірақ 26 аптаға дейін болуы да мүмкін.

  Алдын-алуы:

«С» вирусты гепатит вирусының биологиялық қасиеттерін және оның аса жұғымталдығын ескере отырып, аурудың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет:

1. медициналық мекемелерге және косметологиялық қызметке жүгінген кезде сақтау мерзімі өтпеген, герметикалық орамадағы, бір рет қолданатын медициналық және косметологиялық құралдардың қолданылуына, медициналық персоналдың міндетті түрде резеңке қолғапты пайдаланып, қолдарының залаласыздандырылуына;

2. жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттарды жеке пайдаланып, оның талаптарын қатаң сақтауға;

3. кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақ болуға;

4. жыныстық қатынасқа түскен кезде контрацептивтік заттарды пайдалануға;

5. нашақорлар арасында инелер мен шприцтерді жеке пайдалануға;

Түркістан қалалық СЭББ бас маманы Г.Калжанова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы