ТҮРКІСТАНДЫҚ 40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

1  040 көрілім

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 40 отбасы баспаналы болды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала тұрғындарын ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, пәтер иелеріне үйдің кілтін тапсырды. Алдағы күндері, яғни, желтоқсан айының соңына дейін 610 пәтер Түркістан қаласының тұрғын үйге мұқтаж отбасылар тізіміне тіркелген көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға кезек ретімен беріледі.
Түркістан қаласында 2021 жылдың басынан бері 125 – қызметтік пәтер берілген. Сонымен қатар, 120 пәтер көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік әлсіз топтарға жататын тұрғындарға табысталса, 330-пәтер кредиттік жүйемен беріліп отыр.
Қазіргі таңда Түркістан қаласы, жаңа қала шағын ауданы әкімшілік іскерлік орталығы аумағында 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы және 3 көпқабатты тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы несиелік жүйемен сатылымға қойылған. Оның ішінде, көп балалы отбасыға 470 пәтер, әлсіз топтағы отбасыларға 140 пәтер беріледі деп жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы