Ақсақалдар «Риксос» қонақүйі алдына Қырым аршаларын отырғызды

623 көрілім
 Жұмаділла Кішібаев басқаратын Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының бастамашылығымен «Риксос» қонақүйінің алдында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап, 30 түп Қырым аршасы отырғызылды. «Жасыл Түркістан» кәсіпорнындағы ағаш отырғызудың шеберлері ақсақалдарға көмектесіп, әрбір талдың тез жерсініп кетуі үшін түбіне нитроаммафос сеуіп, бірден дәрілеуде. 
Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары, Түркістан қаласындағы секторлардың төрағасы Қуандық Ерсұлтановтың айтуынша, бұл қоғамдық бірлестігі бұған дейін Байтанаев көшесіне 80 тал еккен екен. 

Жақында Алматыдағы Алатау ауданында «Қарағайлы орман» аумағына түрлі ағаштар отырғызып іс-тәжірибе алмасып қайтыпты. Алдағы уақытта «Казэкопатрул» компаниясының басшысы Тимур Елеусізовтың қолдауымен республика аумағында экопатруль жасақтауды жоспарлап отыр екен. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірдің экологиялық климатын жақсарту мақсатында «Жасыл белдеу» жобасы жүзеге асырылуда.
Айта кету керек, Алматыдағы Алатау ауданында өткізілген шара мен «Риксос» маңындағы ағаш отырғызу жұмыстарына «Green City Turkestan» компаниясының басшысы Бақытжан Қосжанов демеушілік көрсетті. Осыған орай, егілген ағаштарды қорғау, күтіп-баптау жұмыстарын бақылау мақсатында Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасы қатарына жастарды тарта отырып, «Эко патруль» жасақтауды қолға алмақ.


Иса БЕРКІМБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы