ПОЛИГОН ҚҰРБАНДАРЫНА ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

765 көрілім
  Қаламыздағы Жеңіс саябағындағы ҰОС ардагерлер ескерткіші тұсынан  “Семей ядролық сынақ полигонының” құрбандары мен ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі болып өтті.  Шараға зиялы қауым өкілдері, ядролық сынақ полигонының ардагерлері мен мүгедектер қоғамы бірлестігінің мүшелері жəне БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шараның лентасын қию рәсімінде сөз алған қала әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлы «Қазақ тарихында шежірелі шер боп сақталған полигонның зардаптары 1,5 миллионнан астам адамның өмірін жалмады. Біз үшін осы зардаптың алдын алуда жан салып күрескен сіздердің орындарыңыз ерекше. Осындай қасіретпен күресуде елі үшін аянбай еңбек етіп, осы жолда қаза тапқандарға бас иіп алғыс айтамыз"-деп жиылған қауымды алдағы келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Бұдан соң  Түркістан қаласы Семей ардагерлері мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сержанов Баһадүр  жиналғандарды тарихи ескерткіштің ашылуымен құттықтап, өскелең ұрпақ үшін оның құндылығы жоғары екенін атап өтті. Бұл жол ядролық сынақ полигонының ардагерлері өздеріне арналған ескерткіштің киелі шаһарда ашылатынын естігендердің қарасы көп болды. Жиналған көпшілік қауым сынақ құрбандары туралы естеліктер айтып, рухына тағзым етті. Ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Семей ядролық сынақ полигонының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерге арналған ескерткіш Жеңіс саябағының көрнекті жеріне  орналасты.  Ескерткіш тақта ядролық полигонның барлық зардаптарын толық аша алған.  Мағынасы Қазақстан халқына әкелген қасірет пен жарылысты білдіреді. Ескерткіште зардап шеккен әскери борышын өтеген 36 адамның есімі жазылған.
Айта кетсек, биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. 1991 жылдың тамыз айында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей ядролық полигоны жабылды. Аталған полигонда 1949-1989 жылдар аралығында 456 ядролық сынақ жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда Түркістан қаласында Семей ядролық сынақ полигонында əскери борышын өтеген 579-дан астам ардагер бар. Шара соңында Үкімет тарапынан жердемақы алатын ядролық сынақ полигонының ардагерлері мен мүгедектер қоғамы бірлестігінің мүшелері өздеріне аударылған көңілге разы болып тарқасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы