Бабайқорған ауылы 06.12.2021 жыл
Өткізілген орны: Бабайқорған мектебі
Өткізілген уақыты: 11:00
Жергілікті қоғамдастық жиынын ашып жүргізетін: Ауылдық округ әкімі А.Абдраимов
Құрметті Қоғамдастық жиынының мүшелері, Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 Қаулысына сәйкес, Бабайқорған ауылдық округі Бабайқорған, Үлгілі, Құмайлықас, Абай елді мекендеріндегі көшелерге атау беру бойынша қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды. Бабайқорған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны 13 адам, жиынға келген мүшелердің саны 11 адам, жалпы жиынға қатысып отырғандар 50 адам.
Жиын заңды.
Қ.Тұрғанбаевты қоғамдық жиынының төрағасы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
Бүгінгі өткізіліп жатқан жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы ретінде сайлауға Қ.Тұрғанбаев үшін дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» 50-адам
«Қарсы» жоқ
«Қалыс-жоқ.
Бірауыздан қабылданды.
Жақаев Бабайды жиынның хатшысы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
Бүгінгі өткізіліп жатқан жергілікті қоғамдастық жиынының хатшысы ретінде сайлауға Жақаев Бабай үшін дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» 50 -адам.
«Қарсы» жоқ
«Қалыс» жоқ
Бірауыздан қабылданды.
Қ.Тұрғанбаев және Б.Жақаев өз міндеттеріңізді атқаруға кірісуілеріңізді сұраймын.
Сөз жиын төрағасы Қ.Тұрғанбаевқа беріледі.
Күн тәртібі:
1. Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған, Үлгілі, Құмайлықас, Абай елді мекендеріндегі атауы жоқ көшелерге атау қою туралы.
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылды:
1. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – 20 минут.
2. Сұрақ қоюшылар мен пікір айтушыларға– 3-5 минут.
3. Ұсыныстар айтушыларға – 3 минут.
Дауыс беру
Қарсылық бар ма? Жоқ. Қабылданды.
Жиналысқа қатысушы жергілікті қоғамдастық жиын мүшесі 15 адам
Күн тәртібіндегі мәселе Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған, Үлгілі, Құмайлықас, Абай елді мекендеріндегі атауы жоқ 8 көшеге атау қою бойынша ұсынылған:
№16) Айнакөл №18) Қоғашық №20) Бұзауқорған №22) Оғызтау №17) Бозбұтақ №19) Жылаған ата №21) Укаша ата №23) Игілік көшелерінің атауларын талқылай келе жергілікті қоғамдастық жиын мүшелерімен Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындары толықтай қолдайтындығы жөнінде бір ауыздан шешім қабылдады.
Шешімі: «Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған, Үлгілі, Құмайлықас, Абай елді мекендеріндегі атауы жоқ 8 көшеге ұсынылған атаулар мәселесіне келісім беруге дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» 50-адам
«Қарсы»-жоқ
«Қалыс»-жоқ
Бірауыздан қабылданды.
Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер:
Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған, Үлгілі, Құмайлықас, Абай елді мекендеріндегі атауы жоқ 8 көшеге ұсынылған атаулар жөнінде мәселелер бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібі толық қарастырылды.
Жиынды өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар? Жоқ
Жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жиын төрағасы: Қ.Тұрғанбаев.
Жиын хатшысы: Б.Жақаев.