«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәй-тәйлаған баладай басқан адымдарын санап, 4-5 жасында өз-өзіне қарап, 10-15 жасында пайдаға ісі жарап, 20-25 жасында өсіп-өніп, ал 30 отызында орда бұзып, аты әлемге тарап, етек-жеңін жинап, бар әлемді мойындатып, Тәуелсіздіктің бесігінде 30 жыл тербелген қазақ елі, 30 жылдық тәуелсіздігің құтты болғай.
Желтоқсанның ызғары да, қатып қалған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз. Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас.
Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шетелдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі!
«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі-қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деп Елбасымыз айтқандай, сол уақытта ата-бабамыз атқа қонып елімізді, жерімізді қорғамаса, азаттығымыз үшін күреспесе бұл тәуелсіздікке қол жеткізе алар ма едік? Қайсар да батыр бабаларымыз болмаса бейбіт күннің ақтаңын сезіне аларма едік? Арығабармай-ақ, кешегі 1986 жылы орын алған желтоқсаншы жастар болмаса осы күнге жетерме едік? Жоқ, олардың отан сүйгіштігі болмаса, ұлтжандылығы болмаса осы күнге жету жетпеуіміз екі талай еді. Солай ғой, сондықтан ең бірінші тәуелсіздікке қол жеткізу жолында жанын берген, қанын берген ата-баба аманатын біздер қастерлеуге міндеттіміз. Ата-бабалар әруағына мың тағзым!
Бүгінде біз қандаймыз, ата-баба арман еткен тәуелсіздікке қол жеткізген, алыс, жақын шет елдерде абыройы асқақ, дамушы елдердің алдыңғы қатарында келе жатқан, 30 жасқа енді толып, оңы мен солын ажыратар елге айналдық. Рәміздеріміз сайлаулы, көңілдеріміз жаздың жайма шуақ күніндей, желтоқсанның ызғарынан өткен күннің естеліктері қалғандай, жүрегімізді бір барып өткенмен сол жастардың арқасында тәуелсіздігіміз есік ашқаны көңілге қуаныш ұялатады. Еліміздің болашағы үшін жанын беріп, осы күнді бізге табыстап кеткен азаттықты бағалау, қастерлей білу әрбір қазақстандық азаматтың парызы. Сондықтан, тәуелсіздіктің ақтаңы мәңгілік болу үшін әрбір адам өз тарапынан елге деген, жерге деген сүйіспеншілігін сақтап, еліміздің ынтымақ, бірлігінің бұзылмауына атсалысуы тиіс. «Бірлік барда тірлік бар» дегендей, ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, сыйластықта өмір сүрсек еліміздің іргесі сөгілмесі анық.
Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдық қаұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!
Жаңашылдық дәуренде тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын! Ынтымағымыз бен бірлігіміз ажырамай, амандықта, саулықта өмір сүрейік! Еліміз бен жеріміздің айбыны асқақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақ елі, Қазақстан мәңгі, ғұмырлы болсын! Мен тәуелсіздіктің төл құрдасымын және оны мен мақтанышпен айтамын.
А.ШОЙБЕКОВ,
Түркістан қалалық сотының
бас маман-сот мәжілісінің хатшысы.