«Елдіктің жеті тұғыры» атты медецина қызметкерлерімен кездесу өтті

418 көрілім

«Елдіктің жеті тұғыры» – Елбасымыздың 30 жылдық тәжірибесімен, елге деген жанашырлығы және сүйіспеншілік кеңесінің жиынтығы. Осы орайда Түркістан қалалық Nur Otan партиясы филиалының төраға орынбасары Темірбаев Алмасбек ағамыз бен Түркістан қалалық емханасының бас дәрігер Райымбек Берікұлы және мен Nur Otan партиясының қалалық мәслихат депутаты Мәди Аманжол осы мекеменің медецина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Бұл жиын барысында Ертеде адамдар ұзақ жолға сапар шегер сәтте, жолынан адаспау үшін жұлдыздарды бағыттаушы сызба ретінде қолданған екен.Сол сияқты Елдіктің жеті тұғырын –еліміздің даму жолына бағыттайтын жеті қарақшы жұлдызы іспеттес, жол нұсқаушы сызба деуге келеді. Ел болып ес жиғалы рухани болмысымызбен мәдениетіміз жарыса дамып, қәзіргі сағат санап ілгерілеп жатқан әлемдік даму толқынымен ұштасып келеді.

Бұл ең алдымен еңбекқор халқымызбен, елін сүйген Елбасымыздың 30 жылға таяу еңбегінің арқасы. Осы орайда Елбасымыз елін сүйген, лайықты көшбасшы ретінде өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қолдау мақсатында «Елдіктің жеті тұғыры» атты өз үндеуін жолдағандығын айта отырып, алдағы уақытта бірлесіп осы бағытты жүзеге асырайық деп өз пікірлерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы