Түркістанның «Тұран» командасы Алматы облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қазіргі заманның жаңа шарттарына сәйкес, зияткерлікті дамыту мақсатында өткізілген республикалық «IQ Doda» зияткерлік ойынының финалына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Еліміздің барлық өңірінен 17 команда қатысқан республикалық байқауда Түркістан облысы атынан түскен «Тұран» интеллектуалдық тобы 1 орынды иемденді.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Байжұмановтың қолынан 1-ші дәрежелі диплом алды. Марапат иелері «Тұран» интеллектуальдық тобының мүшелері Айбек Шегебай, Қанат Оразалиев, Сырбай Нұрдәулет, Нұрсұлтан Жүсіпбаевтарды дарынды жастардың байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!