ҚХА мүшесі, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадыр ИРСМЕТОВ:
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың салихалы саясаты арқасында Қазақстанның барша аймақтары мен өңірлердегі сияқты біздің қаламызда да түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, Түркістан қаласының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Түркістанның 1500 жылдық тойынан кейін қаламыз қайта түледі. Ал, облыс орталығы болып бекітілгеннен бері қаламыз нағыз құрылыс алаңына айналып отыр. Туған қаламыз алдағы он жылда Нұр-Сұлтан сияқты әсем де көз тоймас қалаға айналарына шүбә жоқ.
Биыл «Түркістан – түркі әлемінің рухани және мәдени астанасы» атанып, шын мәнінде Халықаралық деңгейде ірі жиындар ежелгі ордамыздың төрінде өтуде.
Осындай игі шаралардың жалғасы іспетті міне биыл көне қала-мыз облыс орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, көптеген мәдени іс-шаралар өткізілуде. Бұл біздің қала халқының бірлігі жарасқан ынтымағының арқасы. Сүйікті қа-ламыздың тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтаймын. Мерекеміз әр отбасына ырыс-құт әкелсін!
