ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ – ЕҢ МАҢЫЗДЫ ШАРА

513 көрілім

Түркістан қалалық славян этномәдени орталығының жетекшісі Александра ПУДОВКИНА:

Тәуелсіздік барлық мерекелердің ішіндегі ерекше маңызға ие. Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігін жариялады.

Осыдан отыз жыл бұрын ғана Тәуелсіздікке қол жеткізгенімен осы аралықта Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарды да салиқалы саясатының арқасында еліміз ядролық қарудан ада, бейбітшіл саяси ұстанымына адал, жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақтаса қызмет етуінің арқасында үлкен жетістіктерге жеттік. Әсіресе, соңғы үш жылда облыс мәртебесін алған Түркістанымыз дамудың даңғыл жолына түсті. Барлық жетістіктеріміз береке – бірлігіміздің арқасында болып отыр. Қашанда аспанымыз ашық, күндеріміз шуақты болсын.

Баршаңызды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт пен шаттық, амандық-саулық тілеймін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы