Түркістан қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан ЖҮСІПБАЕВ:
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барша қазақстандықтар үшін орны бөлек, елдігімізді айшықтайтын Тәуелсіздік күні мерекесінің маңызы зор. Маңыздылығы сол Сіздер мен Біздер ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсап келген азаттықтың 30 жылын қарсы алып отырмыз.
Елбасымыз бастаған көреген халық ұрпағы бір ауыз сөзге тұрып нағыз жасампаздықтың үлгісін көрсетті. Осынау жылдар ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қаншама белестер мен биіктерді бағындырдық. Нәтижесінде барша қазақстандықтар сенімін арқалаған Елбасы елімізді әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің біріне айналдырды. Осылайша шекарасы бекіген, әлемдегі дамыған елдермен терезесі тең дәрежедегі дамушы мемлекет атанып, Қазақстанның – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, дүниежүзілік ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болуы еліміздің биік деңгейін көрсетті.
Ендеше, жаңа облыстың орталығы Түркістанның тұрғындары, осы отыз жылды еңсерген Тәуелсіз еліміз мәңгі болсын дегім келеді. Бостандық пен еркіндіктің бастауы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде барша түркістандықтарға бақ-дәулет, мол табыс тілеймін.
