ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛҒАНЫМА РИЗАМЫН

384 көрілім

Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театрының әртісі Әсел ҚОЖАБЕКОВА:

Мен Тәуелсіздіктің құрдасы болғаныма шын мәнінде ризамын. Біздің ұрпақ Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарымыз. Қазіргі кезде Түркістан қаласындағы Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында 2012 жылдан бастап драма әртісі болып қызмет атқарып келемін. Осы қаламыздағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіндегі өнер факультетін драма және кино мамандығы бойынша бітірдім.

Қазақтың маңдайына біткен біртуар өнер майталманы Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театрында қызмет етіп келе жатқанымды мақтан тұтамын. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Театр көктемі» облыстық театр фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсеткенім үшін «Ең үздік әйел» рөлі аталымы бойынша арнайы дипломға ие болдым.

Қазіргі таңда шын мәніндегі шеберлігі толысқан өнер ұжымымыз киелі Түркістанның түркі халықтарының рухани және мәдени астанасы дәрежесіне лайық болуы үшін репартуарымызды әлемдік классикалық қойылымдармен байыта түсудеміз. Облыстық мәртебе алуымыз да бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтарын сапалы дүниелермен қуанта береміз деп ойлаймын. Аталарымыз аңсаған Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы