АРМАН ЖОЛЫ АДАСТЫРМАЙДЫ

642 көрілім

Түркістан қалалық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Серік НҰРЕКЕЕВ:

Тәуелсіздіктің таңында дүниеге келген перзент ретінде мен оның мағынасы мен маңызын терең түсінемін. Тәуелсіздікті ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандап, аңсап өткенін, осы жолда қаншама алаш азаматтары басын бәйгеге тіккені санамызда сайрап тұруы керек деп ойлаймын. Еліміздегі ашық аспан астында бақытты балалық шағымды алаңсыз өткізіп, құрдастарыммен бірге арманыма қарай қол созып келемін. Тәуелсіз мемлекеттің құрдасы болу бақыт деп білемін.

Бүгінде елімізде үлкен істер жүзеге асырылып жатыр. Егемен елдің болашағы жарқын, қадамы нық. Жастардың жан-жақты қалыптасуына жағдай жасалып, өз талабын әрі қарай ұштай түсуге мүмкіндік берілген. Мен 2009 жылы Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өнер факультетіне оқуға түстім. Университет қабырғасында жүргенде түрлі байқауларға қатыстым. Факультетаралық «Дарын» байқауында жеңімпаз, 2013 жылы Алматыда өткен Мұқағали Мақатаев атындағы «Соғады жүрек» байқауында жүлдегер атандым. Қазіргі таңда киелі Түркістанымыздың өнер және мәдениет саласында қызмет етемін. Бұл маған тәңірдің берген нәсібі деп білемін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы