ЖАХАНГИРДІҢ ЖЕҢІСІ

1  460 көрілім

Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадыр Ирсметовтың «Керуенсарай» кешеніндегі жұмыс бөлмесінде Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жахангир Ахмеджановқа құрмет-қошемет көрсетілді. 51 келіде белдескен Жахангир әлемнің 53 мемлекетінен келген 300-ге жуық спортшылар арасында Иран, Өзбекстан, Украина спортшыларынан басым түсіп, ақтық сында ресейлік Магомед-Тагир Ханиевке жол беріп, екінші орынды місе тұтты.

Полат Қырықбаев басшылық ететін Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының аға жаттықтырушысы Ырысбай Аблай, жаттықтырушылар Бақытжан Бердиев, Қанат Тұрғараев, жеке бапкері Ғұлам Нұрметовтер Жахангирдің осындай биік шыңнан көрінуіне аянбай еңбек етті. Бұл қазақстандық спорт күніне жасалған тамаша тарту болды. Өз кезегінде Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадыр Ирсметов, орынбасары Замир Мұхамеджанов жас балуанды жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауға ниет білдірді.

Ш.МАДАЛИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы