БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЖІТІ КӨҢІЛ БӨЛУДЕ

1  376 көрілім

Түркістанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйытқы болуымен «Тəрбиенің тұжырымдамасының негіздеріне сəйкес тəрбие процесін ұйымдастырудағы заманауи ұстанымдар» атты бейнеконференция өтті. Жиынға аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мамандары, əдіскерлері, мектеп директорлары мен колледж директорлары, директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен қамқоршылық кеңесінің төрағалары қатысты.
ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің тамыз кеңесі шеңберінде жүзеге асқан онлайн режимдегі кеңесте бала тәрбиесіндегі жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, денешынықтыру, спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін, зерттеулердің сапасын, балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру жайында кеңінен айтылды.


«Бүгінгі іс-шара баланы отансүйгіштікке, отбасын сүюге, еңбекке, мәдениетке, білімге тәрбиелейді. Мақсат – ата-ана мен педагогтың арасында байланыстың мықты болуын қадағалап, сол байланысты үзбей ары қарай жалғастырып, баланы бірлесіп тәрбиелеу. Егер үйде ата-ана, ал мектепте педагог екі түрлі сөйлеп, басқаша нұсқау беріп тұрса, бала екі ортада жаңылысып, ешкімді тыңдамай қоятын дәрежеге жетеді. Осының алдын алу үшін министрліктің жауапты мамандары, ғалымдар, педагогтар, психологтар баяндама оқып, жан-жақты түсіндіруде», – деді адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Әлия Биболова.
Бұл тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Рухани жаңғыру» бағдарламасына толықтай негізделген. Түсіндіру жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Алда ата-аналармен жұмыс ішінара өтіп, кездесулер тоқсан сайын жалғасын табады.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы