Зақымданған көшелер қалпына келтіріледі

919 көрілім

Қала ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі – жол тақырыбы. Қабылдауыма келген әрбір екінші тұрғын тұрғылықты көшесінің жай-жапсарын айтып шағымданып келеді. Жазды күні топыраққа, көктемде батпаққа, күзде лайға бататыны айтады. Бұл рас. Қала ішіндегі біршама көшелердің сапасы төмен. Оның себебі кәріз жүйесінің орнатылуы. Салдарынан әлі топырақ, тас төселіп көрмеген көшелер бастапқы қалпынан айнып, одан сайын нашарлаған. Қазір біздің қарауымыздағы ең үлкен мәселенің біріне айналды.

Алайда бұзылған жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстарының қаржысы жұмыс сметасының ішінде қоса қарастырылған болатын. Сондықтан кәріз жүйелерін жүргізген мердігер компанияға өз қаржы есебінен зақымданған көшені қайта қалпына келтіріп беруін талап етуге толықтай мүмкіндігіміз бар. Осы ұсынысты «Ифрақұрылым және коммуникация бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Жаманкөзге жеткіздік. Алдағы уақытта нәтиже болады деп сеніп білдіреміз.

Тәжібек МҰСАЕВ

“Nur Otan” партиясы, Түркістан қалалық мәслихат депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы