Түркістан қалалық мәслихан депутатты М.Тәжібек тұрғындардың базынасын тыңдады. Қала ішіндегі өзекті мәселе мен күрмеуі шешілмеген жұмыстарды халықпен бірлесе отырып шешу керекпіз дейді.
Мысалы сондай бір кезекті қабылдауында Анаркүл Утебаева есімді жалғызбасты ана тұрғын үй мәселесі бойынша сұрау салып келген болатын. Үй кезегінде 210 орында тұр екен. Өтініштің негізімен толық танысып шыққан депутат, Тұрғын үй бөліміне хабарласып, мән-жайды сұрады. Нәтижесінде жақын арада баспаналы болатынынан хабардар болдық. Сезіне білген адамға бұл да үлкен қуаныш.Одан бөлек қоғамдық қабылдауында А.Утегенова және А.Әлішер есімді көпбалалы аналар болды. Қоғамдық қабылдауға әлеуметтік көмек сұрап келген.
Халық қалаулысы аналардың өтінішіне бей-жай қарамай, бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз ететінін, Ақмарал ханымның сұрауына тиісті бөлімдерге арнайы хабарласып, ықпал жасайтынына уәде берді. Сапарәлиева Мейрамкүл, Жұманова Айкерім, Райымова Халима сынды азаматшалар осы тектес өтініштерін айтып, қабылдауға келді. Т.Мұсаев барлығының талап-тілектері мен өтініштері аяқсыз қалмайтынын айтып, артынша тұрғындар сұранысына байланысты тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдантындығын жеткізді.
Осылайша қоғамдық қабылдау нәтижесінде бірнеше тұрғынның күрмеуі шешілмеген мәселелері шешімін тапты.
