«Бизнестің жол картасы-2025» аясында атқарылған жұмыстар

1  175 көрілім

Nur Otan партиясы, Түркістан қалалық мәслихат депутаттары темір жол тұйығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуіне ықпал жасауда.

2015-2020 жылдар аралығында жоба құны 3640,4 млн. теңгені құрайтын 14 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өткен болатын. Сонымен қатар, индустриялық аймағы көп өңірдің бірі – Түркістан облысы. Әрине облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының экономикалық өсіміне бұл ауқымды жобаның пайдасы зор. Сондықтан Түркістан қаласының мәслихат депутаты ретінде қаламыздағы индустриялық аймақ жұмысының барысын бақылап, бір шолып қайттық. «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламалары табысты іске асып жатқандығына көзіміз жетті. Индустриалды аймақ дегеніміз ол – жаңа жобалардың ашылуы, жұмыс орындарының ашылуы және елдің дамуы. Өндіріс саласы еліміздің дамуының басты құралдарының бірі болып табылады деген ойдамын. Елімізде, өңірімізде өндіріс орындары көптеп ашылатын болса, сөзсіз дамыған елдердің ондығына енеміз. Бұл жобадан қаншалықты пайда көретінімізді өзіңіз де пайымдап тұрған боларсыз.2013 жылы құрылған «Түркістан» индустриялық аймағы алғашында 40 гектар болса, 2018 жылдың 27 желтоқсанында Түркістан қаласы әкімінің шешімімен тағы да – 200, артынша тағы 110 гектарға ұлғайды.

Нәтижесінде аталған индустриялық аймақтың қазіргі жалпы аумағы 350 гектарды құрайды. Түркістан қаласының Nur Otan партиясының депутаттары «Түркістан» индустриалды аймағының темір жол тұйығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуіне ықпал жасады.Сондай-ақ, индустриялық аймағы көп өңірдің бірі – Түркістан облысы. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 9 индустриялық аймақ бар. Өңірдегі аудан, қалаларды қосқанда жалпы аумағы 698 гектарды құрайды.

Тәжібек МҰСАЕВ

“Nur Otan” партиясының, Түркістан қалалық мәслихат депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы