КИЕЛІ ШАҺАР ТҮРЛЕНУДЕ

1  008 көрілім

Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – кең байтақ Қазақтанның тұғырын биік ұстап келген Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан көшбасшысы болып сайланған күні. Елбасының шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгеріп, оның орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді. Бұл ғасырларда болатын Ұлы тарихи жаңалық. Түркістанда қазақтың бар тарихы жатыр. Бүкіл түркі тілдес халықтар Түркістанды ата жұртым деп санайды. Түркістан қазақ елінің, қазақ хандығының негізін қалаған 250 жылдан аса қазақ хандығының астанасы болған тарихи шаһар.

Түркістан – ер Түріктің бесігі саналатын құтты мекен. Ал, Түркістан облысының құрылуы рухани жаңғырудағы басты құнды шешімдердің бірі болды. Жалпы, еліміздің оңтүстік өңірі қандастарымыздың ұйысып қоныстанған киелі мекені екендігін ескерсек, түркі әлемінде Түркістанның алатын орны ерекше. Енді рухани астанамыз облыс орталығына айналып, экономика мен әлеуметтік саланың тамырына қан жүгіре түспек. Онсыз да еліміздегі мәдениет, білім және рухани ағартушылық мәртебесі жоғары қаланың Ұлы Жібек жолының бойындағы құндылығы арта түседі.

Елбасы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау және «Түркістан» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тарихи Жарлыққа қол қойған еді. Облыс орталығы атанған 3 жыл ішінде Түркістан қаласы қайта түрленіп, Елбасы қазығын қаққан бұл жер келешекте Түркістанның сәулетіне сән қосатын керемет облыс орталығына айналып келеді.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері ғасырға бергісіз. Олай дейтінім, еліміз әлем танитын, мойындайтын, құрметтейтін мемлекетке айналды. Халықтың әл-ауқаты жақсарды, осының бәрі биік табыстарға жетелеген еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасының жүргізген салиқалы саясатының жемісі деп білеміз.

Ж.ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,

Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы