Сіздерді 1-желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент болып сайланған күннен бастап, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына тұрақты назар аударып, түркі дүниесінің рухани орталығы атануына сүбелі үлес қосып келеді.
Осыдан үш жыл бұрын Түркістанға облыс мәртебесін беруі аймақтың жедел түрде ғажайып көркеюіне ықпал етті.
Біз облыстық Ақсақалдар алқасының мүшелері де өзіміздің өмірлік тәжірибелеріміз бен ақыл-кеңестерімізді аямай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қаланы 32 секторға бөліп, көкжелектендіру және абаттандыру жұмыстарына қолқабыс етіп келеміз. Өз міндетімізге алған «көкжелектендіру, тәртіп және тазалық» шараларына белсенді қатысудамыз.
Алдағы уақытта да әрбір ауданның, әрбір көшенің, әрбір ауланың тазалығы мен көкжелектеніп, онда тәртіптің орнауына лайықты үлесімізді қоса береміз деп сендіремін. Әрбір тұрғынды осы аталған шараларға белсенді қатысып, туған қаламыздың көркейіп, дамуына лайықты үлес қосуға шақырамын.
Ж.ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,
Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы
