ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІНЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

825 көрілім

Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаты Айгүл Тілепова, Түркістан облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешов, Түркістан облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мақсат Амирханов тұрғындар мәселесіне назар аударды.

Қоғамдық қабылдауға келген Клара Қуандықова әлеуметтік жағдайы төмен, қазіргі таңда газ құбырын үйіне кіргізе алмай, газ құбырының жүргізілуі жүз мың теңгені құрайтындығын айтты. Забира Алибаева зейнетке шыққан күміс алқаның иесі, оның айтуынша зейнет ақысы 6500 теңгені құрайды.

Денсаулығына байланысты еңбек өтілі жоқ, не себепті зейнет ақы мөлшерінің аз екендігін білмей анықтап беруді сұрап келіпті. Қала тұрғыны Өмірзақ Мырзахмет алаяқтарға алданып қалған, көмек көрсетуін сұранды.

Акилжан Абдуллаевтың мәлімдеуінше 2019 жылдың сәуір айында қаладағы «Малика» мейрамханасында дау шығып, салдарынан жаңа туылғалы жатқан шаранасы мерт болған. Аталмыш мейрамхана қаланың бас жоспарына сай келмей, қызыл сызыққа түсуіне байланысқа бұзылуға қаулы шыққан. Алайда, осыған қарамастан әлі күнге дейін мейрамхана жұмыс жасап жатыр. Заңды түрде шағым түсірсе де, сот орындаушылары бұл мәселенің шешімін таппай отырғанын айтты. Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындарының шағымдарын тыңдаған жоғарыдағы азаматтар, заң шеңберінде тиісті шешім қабылдайтындықтарын жеткізді.

Қалалық мәслихаттың депутаты Угылжан Васитованың қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғыны Айнұр Байтуған қалада №30, №31 қоғамдық көліктердің аз жүретінін алға тартты. Ал, Әбілда Дінмұхаммед «Бекзат» мөлтек ауданына су құбырын жүргізсе деген өтінішімен келген. Қала тұрғындарының мәселесін тыңдаған халық қалаулысы аталған жәйттерді назарға алып, тиісті мамандарға айтып шешімін табуға ықпал жасайтынын жеткізді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ,

«Түркістан»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы