УӘДЕ, ҚАРАР, МӘМІЛЕ ҚАЙДА ҚАЛДЫ?

1  221 көрілім

Бұл мәселе жөнінде қаламыздың айнасы, әрі халықтың тілі сүйікті үнқағазымыз «Түркістан» газетінде бірнеше рет жазылды. Айтар ойымызды түйіп айтар болсақ, «Бекзат» мөлтек ауданының түрік елді мекенінің мұң- мұқтажы. Иә, «айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман» болып тұр.

Атап айтқанда, түрік елді мекені төңірегінде төрт мыңға жуық халық тұрады. Олардың жүріп –тұру қауіпсіздігін ойлап теміржол бойын 2018 жылы темір шарбақпен қоршады. Оған халық риза. Дегенмен, осы аталған елді мекенде мектеп, балабақша атымен жоқ. Балалардың оқуға барып келуі мұңға айналды. Одан қалса, тұрғындардың базарға баруы қиындай түсті. Осы мәселеге байланысты қала әкімшілігіне де, жолаушылар мекемесіне де, теміржол бастығынан да өткел көпір салып беруді халық сұраған. Нәтижесінде осы жылдың қазан айында салып береміз деген жазбаша уәдесін алдық. Мәселе айтылған жерде, жазғаны жазған жерде қалды. Бұл бірінші мәселе.

Екінші мәселе, осы елді мекеннен №3 бағыттағы автокөліктер жүрмей қалды. Бұл мәселені де Түркістан жолаушылар мекемесі қазан айында жолды жөндеуден өткіземіз деген болатын. Айтуын айтқанымен қазір жүріп жатқан көлік жоқ. Әсіресе, тұрғындар Бекзат мөлтек ауданындағы емханаға барып көрінуі мұңға айналды. Осы мәселелерге мемлекет тарапынан қаржы бөлінген. Ол, қаржы қайда? Неге ол қаржы мақсатты өз қажетіне жұмсалмай отыр? Қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы осы мәселелер бойынша халықтың мұң-мұқтажын тыңдап ретке келтірер деп ойлаймыз.

Мәдібек ТІЛЕУБАЙҰЛЫ, зейнеткер

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы