ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

957 көрілім

Қазіргі таңда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, танымал тұлғалардың «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» акциясы бойынша кітапханаларға отыз кітап тапсыру акциясы жалғасуда.

Осыған орай, Сауран ауданының Әйелдер алқасының төрайымы Нышанкүл Жұманова аудан орталығынан көне жәдігерлерді жинап, этнографиялық мұражай жасақтауға кірісті.

Жақында Ресей Федерациясының Санкт Петербург қаласының тұрғыны, Кентау қаласының тумасы Ресей актері, журналист, инженер, технолог,кинотанушы, қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Әбілов Саурандағы жаңадан құрылып жатқан өлкетану мұражайына 30 кітап, 25 дана әртүрлі орден-медалдерді табыс етті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған акцияға белсене қатысқан «Түркістан» қалалық апталығы редакторының орынбасары Ләззат Сарыбаева мен газет тілшісі Ұлпан Абдірахманға Санкт Петербургтегі «Достояние Отчизны» ҚБ президенті В.Ивониннің қолымен арнайы мемлекетаралық Грамота тапсырылды.

Ол аманатты Сауран ауданының Әйелдер алқасының төрайымы Нышанкүл Жұманова редакцияға жеткізіп, журналистерге табыс етті. Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы