ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

1  004 көрілім

Қала әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясы болып өтті. Сессияны қалалық мәслихаттың хатшысы М.Таңғатаров ашып, жүргізіп отырды. Кезекті сессия жұмысына қала әкімі Н.Тұрашбеков қатысты.


Сессия жұмысы басталмай тұрып, Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Арысбеков жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғ.Меңдібаев мәслихат құрамынан мерзімінен бұрын шығуына байланысты жаңадан сайланған депутат Аманжол Мәдиге депутаттың куәлігі мен төсбелгісін тапсырды. Бұдан бөлек, «Алтын Қыран» республикалық энциклопедиясының марапаттауына ұсынылған қалалық мәслихат депутаты Жәмила Сүлейменоваға «Алтын Қыран» төсбелгісі мен куәлігін және арнайы шығарылған кітабы тапсырылды.


Сессия жұмысын қамтамасыз ету мақсатында редакциялық және санақ комиссиялары сайланды. Сонымен Санақ комиссиясының құрамына А.Тілепова, Н.Жүсіпбаев, У.Васитова, ал редакциялық комиссия құрамына А.Абдуллаев, Ж.Жұман, Ғ.Худияров бекітілді.
Кезектен тыс он үшінші сессиясына «Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің құрылымын бекіту туралы», «Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы №2/ІІ-VII «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №71/338-VI «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы», «Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссия төрағаларын сайлау туралы» №1/5-VIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелер қаралды. Кезектен тыс он үшінші сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы