ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ: АСА ҚАЖЕТ БОЛМАСА АЛЫС ЖОЛҒА ШЫҚПАҢЫЗДАР!

799 көрілім

17 қарашада таңертең және күндіз, 18 қарашада түнде Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 17 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. 18 қарашада таулы аудандарда тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, 17 қарашада күндіз, 18 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және аса- деп хабарлайды «Казгидромет» РМК Түркістан облысы филиалы.
10-30-дан бастап “Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент” Республикалық маңызы бар а/ж қозғалысы (Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейін 593 км-654 км), метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін (көріну нөл, боран, бұрқасын, көктайғақ) жолдар жабылды.
Осыған байланысты, Түркістан облысы ТЖД облыс тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.

Дауылды ауа-райында облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!

АСА ҚАЖЕТ БОЛМАСА АЛЫС ЖОЛҒА ШЫҚПАУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы