«RAMADA BY WYNDHAM» ҚОНАҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

1  326 көрілім

Жаңа облыс орталығына айналған тұмар қала – Түркістан күннен күнге көркейіп, қарыштап дамуда. Бой көтеріп жатқан құрылыстар, ашылып жатқан аллеялар, жаңа нысандар әсем қаламыздың көркіне жаңа рең беріп, түрленуде. Солардың бірі де бірегейі – заманауи нақышта салынған, көпшілік талғамынан шығып отырған «Ramada by wyndham» қонақ үйі деуге толық негіз бар.


«Ramada by wyndham» қонақ үйі әлемнің 96 елінде 9 мыңы брендке айналып, өз қонақтарына бар ықыласымен қызмет жасап келеді. Ал, Қазақстан бойынша осындай үлгіде 6 қонақ үй бой көтерген. Соның бірі қасиетті мекен, төрт қақпалы Түркістанның төрінде күні кеше «Ramada by wyndham» қонақ үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әлия Шалхарова, Мәскеуден арнайы келген «Ramada by wyndham» қонақ үйінің өкілі Сергей Михайлович, түрік-қазақ кәсіпкерлер бірлестігінің басшысы Джен бей мырза және қонақ үй құрылтайшысы Құлбатыр Мұсабектер сөз сөйлеп, барша қонақтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады.


«Ramada by Wyndham» қонақ үйі 4 қабатты жоғары қызмет көрсетуімен қатар, жайлы, заманауи үлгіде салынған стилімен көптің назарын аударуда. Бұл қонақ үйде 63 нөмір, 1 президенттік, 3 люкс, 3 қазақы нақышта орындар келуші қонақтарға, халыққа қалтысыз қызмет көрсетеді.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінен соң келген қонақтар «Ramada by Wyndham» қонақ үйінің ішін аралап көріп, халыққа қызмет көрсету орындарының жұмысымен танысты.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы