ТҮРКІСТАНҒА КЕЛУШІ ЗИЯРАТШЫЛАР САНЫ ЕСЕЛЕП ӨСУДЕ

492 көрілім

Бұл туралы қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Өңірлік коммуникациялар қызмет алаңында 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы брифингте мәлімдеді.

Шаһар басшысы түркі дүниесінің рухани орталығы атанып отырған киелі кентті экономикалық, индустриялық, туристік бағыттағы дамыту шараларына кеңінен тоқталды. Қаланың атына сай болуы мақсатындағы журналистерді толғандырған бірқатар сұрақтарға нақты жауап берді.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков: «Түркістан ертеден Түркі әлемінің киелі бесігі саналып келді. Ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістанның тарихында 2018 жылы 19-маусым алтын әріптермен жазылды. Бұл күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойып, көне шаһарға облыс орталығы мәртебесі берілді. 2020 жылы Үкімет Түркістанның Түркі әлемінің орталығы ретінде 2035 жылға дейінгі мәдени-рухани дамуының Бас жоспарын бекітті. Бұл қала құрылысының, құрылымының, көлік және инженерлік коммуникацияларының, тіпті көгалдандыру мен абаттандыру жүйесінің кешенді жоспарының бас құжатына айналды», – деп атап өтті.

Түркістан қаласының экономикалық көрсеткіштерінен мысал келтірген шаһар басшысының айтуынша, экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдың 9 айында 158,5 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +20,5 %-ды құрады. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 8,6% (13,6 млрд. теңге), ауылшаруашылық саласына 3,5% (5,6 млрд.теңге), орындалған құрылыс жұмыстары 60,0% (95,1 млрд. теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 27,9 % (44,2 млрд. теңге) тиесілі. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 200 542,9 млн. теңгені құрады.

Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 11106,4 млн теңгені құрайтын 15 жоба енгiзiлген. Осы кәсіпорындарда 1007 жұмыс орынын ашу көзделген. Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 гектар жер телімі қосымша 310 гектарға ұлғайтылып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде. Осы аймақта жалпы құны 85 млрд 344,4 млн. теңгені құрайтын 23 жаңа жобаны 3451 жұмыс орнымен іске қосу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 11 578 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд. 567 млн. теңгені немесе нақты көлем индексінің (НКИ) 105,1% құрады. Атап айтқанда, өнеркәсіптің басымдықты саласы өңдеу өнеркәсібінде 8 млрд. 852 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, электрмен жабдықтау 4 млрд. 050 млн. теңге, сумен, кәріз жүйесімен жабдықтау 631,8 млн. теңгеге орындалды. Өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9% құрап, облыстағы аудан-қалалар арасында 5 орында тұрақтады.

2015-2020 жылдар аралығында жоба құны 3 млрд 640,4 млн. теңгені құрайтын 14 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтіп, 651 адамды жұмыспен қамтыды. 2021 жылы өнеркәсіп саласында жоба құны 2 млрд 754,0 млн.теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылды және 1367 жұмыс орны құрылды.

Олар:- «Turkestan Textile» БК» ЖШС тоқыма жіп өнеркәсібі жоба құны 500,0 млн.теңге, 1100 жаңа жұмыс орны ашылды.

– «Euro Blok Production» ЖШС газабетон блоктар зауытының құрылысы, жоба құны 113 млн.теңге, 10 жаңа жұмыс орны құрылды.

– «Спецстрой» ЖШС 1100,0 млн. теңге, ашылатын 241 жұмыс орны қамтылды.

– «EKP-Group 878» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 1 млрд 041 млн.теңге, 16 жаңа жұмыс орны ашылды.

2022-2025 жылдары «Түркістан» индустриалды аймағында іске қосу үшін 78 млрд 950,0 млн теңгеге 5 инвестициялық жоба 1433 жұмыс орнымен жұмысын бастайды.

2021 жылға арналған бюджеті 131,8 млрд. теңге, 9 айдың қорытындысымен 90 млрд.395 млн. теңгесі орындалды. Жергілікті түсімдердің жылдық жоспары қала бойынша 29 млрд. 551 млн теңге, 9 ай жоспары 14 млрд. 628,8 млн. теңге, нақты түскені 14 млрд. 751,1 млн. теңге болып, жоспар 122,3 млн. теңгеге артық немесе 100,8 % орындалды.

Бюджеттік-салықтық саясатты қалыптастырудың бірден-бір құралы ретінде биылғы өткен науқан «Ұлттық халық санағы» болып табылады. Ұлттық халық санағын жүргізу барысында 253 сұхбатшы мен мамандар тартылып, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде алдын-ала болжаммен Түркістан қаласы халқының саны 223 мыңға жетті. Санақ қорытындысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор әсер ететінін атап өтуіміз керек.

2020 жылдың тиісті мерзімінде қалаға келушілер 615211 туристі құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 82,8 пайызға артты. Үстіміздегі жылы 40 мың шаршы метр сауда алаңы бар «Керуен-сарай» кешені іске қосылды. 510 орындық драма театры жұмысын бастап, алғашқы спектакльдерімен көрермендерін қуантуда. Халықаралық әуежай пайдалануға берілді. Бұл нысандар қала туризмін дамытуға елеулі серпін берді.

Қазіргі таңда қаламызда 11 киелі нысан мен мұражай, 6 рухани-мәдени нысан, 4 туроператор келушілерге өз қызметін ұсынуда. Осы жұмыстар, жалпы туризмді дамыту бойынша мәдени-рухани орталықтың жұмысының қарқынды дамуына әсер етуде. Нәтижесінде 2021 жылы қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристер саны 1124503-ға жетті.

Түркістан қаласының тоғыз айдағы негізгі көрсеткіштеріне тоқталған қала әкімі Нұрбол Тұрашбековке қойылған сұрақтар негізінен қаланы таза ұстау, құрылысы аяқталған көп қабатты үйлерді газбен қамту, пәтерлерді жалға алу жайы, мемлекет мұқтаждығына жерлерді алу тәртібі, Бас жоспарға сәйкес қызыл сызықта қалып қойғандар тағдыры, кеше ғана бұзыла бастаған «Азиз» базарының жайы да айтылды. Барлық сұрақтарға тиянақты жауап қайтарған қала әкімі өзекті жайларды қала халқы болып, бірлесіп шешуге шақырды.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы