ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН ҚАЛА ХАЛҚЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

966 көрілім

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10 бабына сәйкес, жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы 2021 жылғы 17 қараша  күні сағат 15:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін Сіздердің назарларыңызға саламын. Мекен–жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 17 қараша күні сағат 14:30 дан бастап жүргізіледі. Сессияның күн тәртібіне енгізілетін мәселелер: 

1. «Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің  құрылымын бекіту туралы»

2. Түркістан қалалық мәслихатының  2021 жылғы 29 қаңтардағы №2/ 11-VII «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №71/338-VI «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы. Келіп түсуіне байланысты басқа да ұсынылған мәселелер қаралуы мүмкін. Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясының онлайн-трансляциясы (Түркістан Қалалық Мәслихаты» Fasebook, (turkistan_qalasynyn_maslihaty) Instagram парақшаларында жүргізілетін болады.           

Мақсат ТАҢҒАТАРОВ,

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы