САУРАННАН РУХАНИ КЕРУЕН ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ

1  409 көрілім

Сауранның Түркістандағы Фараб кітапханасына рухани керуен келіп кірді. Бұл керуенді Сауран ауданындағы 29 кітапхана, 49 мәдениет үйі жасақтапты.

Сауран ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекованың айтуынша, мәдениет мамандары мен кітапханашылар жаңадан жасақталған ауданның барлық археологиялық, мәдени, дәстүр-салтына қатысты тарихи жәдігерлер, балалар әдебиетінен бастап барлық кітаптарды әкеліпті. Бәрінен бұрын Сауранның тарихы балалар мен естияр жандарды да қызықтырады.

 «Өлке тарихына тағы бір рет үңілгенде», «Балалар әдебиеті, «Түркістан мәңгі елдің тұғыры», «Сауран саңлақтары», «Өлке қаламгерлері, «Сауран жері тарихтың алтын көпірі, «Сауран біздің жаңа аудан» тақырыптары бойынша жасалған экскурсиялық сабақтар Фараб кітапханасына арнайы келген Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері мен кітапсүйер жандарды ерекше сезімге бөледі.

Мәдени іс шара соңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Фараб кітапханасына 30 кітап сыйлық тарту етті.

Шараға жиналғандар Сауран ауданының Үлгілі ауылының тумасы жүзеден әндердің авторы, Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Бекжігіт Сердалымен шығармашылық кездесуді тамашалады. 

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы