МАРАФОН: ӘЛЕМНІҢ 19 ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ЖЕЛАЯҚТАР ТҮРКІСТАНДА БАҚ СЫНАДЫ

2  554 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасы және Түркістан қалалық спортты дамыту бөлімінің қолдауымен салауатты өмір салтын басты мақсат тұтқан Халықаралық марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы атануына орай «Turkistan International Marathon» – халықаралық спорттық іс-шарасына әлемнің 19 елінен кәсіби спортшылар қатысты.

Шара барысында сөз алған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаламыз облыс орталығы атанып, түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие болғалы бері қасиетті Түркістаннің абыройы бұрыңғыдан да асқақтап келеді. Бүгінгі спорттық шараның да деңгейі жоғары. Қасиетті қаламызға қөш келдіңіздер. Барлықтарыңызға сәттілік, жеңіс тілеймін деген ізгі ниетін білдірді.Қаламызда жаңадан ашылған «Керуен сарай» кешенінде таңғы сағат 8:00-ден басталған Халықаралық марафон легінде қала тұрғындары мен қонақтардың арасында жас балалар мен жасы егде тартқан қатысушыларды да кезіктіруге болады. Марафон 3 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтықтарға бөлінді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша бүгінгі марафонға 2000-нан астам жеңіл атлеттер қатысуда.Кеңесхан Жарықханұлы, марафонға қатысушы: – Жеңіл атлетикамен 2005 жылдан бері айналысып келемін. Жасым 60-та. Нұр-сұлтан қаласынан арнайы келдім. Спорт – денсаулық кепілі, сондықтан өмірде әрбір адам спортты жанына серік етсе деймін.

Райымжан ӘЛІБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары