- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Түркістан қаласында қыс мезгілінде табиғи және техногенді төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда және орын алғанда шұғыл түрде адам өмірі мен денсаулығын сақтау және материалдық шығынды мейлінше азайтуға бағытталған авариялық құтқару «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және дайындықты пысықтау мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Қыс – 2021» оқу-жаттығу жұмыстарына қаламыздағы жауапты мекемелерден құралған 13 азаматтық құтқару қызметтік тобы қатысты.



Шараға арнайы келіп қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбаев оқу-жаттығу барысында қаламыздағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, шарада Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрғали Жүнісов, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгінгі шара қалалық жедел ден қою жасақтарының кез келген уақытта дайын болуы, болған жағдайда адамдарды және материалдық құндылықтарды шұғыл түрде құтқаруға дағдылау болып табылатынын жеткізді.
«Қыс-2021» оқу-жаттығу барысында бірнеше жедел қызмет мекемелері төтенше жағдай кезіндегі құтқару жұмыстарын көрсетті. Жедел ден қою жасағы шартты түрде бекітілген «Жылу» МКК орталық қазандығында (2 дана қатты отынды пайдаланатын КВР – 23,26-150 маркалы, 5 дана табиғи газбен пайдаланатын Виссман – КГ-150 маркалы) авария салдарынан орын алуы мүмкін жағдайлар және оны жою іс-шарасына қатысты.
Райымжан ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан»