РУХАНИЯТҚА ЖОЛ АШҚАН АКЦИЯ

1  068 көрілім

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Фараб» атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қыркүйек айында бастау алған «Рухани керуен Түркістанда» атты аудандық кітапханалар арасында өтіп жатқан акция шараның мақсаты – руханияттың қақ ортасында яғни Түркістанның төрінде жаңадан ашылған елімізде теңдесі жоқ «Фараб» кітапханасын облысқа таныстыру. Аталмыш акция аясында Түркістан облысына қарасты аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі белгіленген кестеге сәйкес, әр аптаның сенбі күні «Фараб» кітапханасында әдеби-мәдени, кәсіби іс-шараларын ұйымдастырып келеді.

«Рухани керуен Түркістанда» облыстық акциясының алғашқы көшін Сайрам ауданы бастап келді. Іс – шараны Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Ж.Құлбайымбетов пен Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Е.Нұржанов ашып беріп, игі бастамаға сәттілік тілеген болатын. Үш бөлімнен тұратын іс-шара фаедегі кітап көрмесімен таныстырылып, үлкен сахнада «Төремұратов Түркістан төрінде» атты кездесу кешінің кейіпкері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Төремұратов Нұрғиса Тұрдымұратұлының шығармашылық кешімен жалғасын тапты.

Рухани көшті екінші аптада Ордабасы ауданы тізгіндеді. Іс-шара қазақтың салт-дәстүріне негізделіп, ақ жаулықты әжелеріміздің шашуымен және Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ж.Құлбайымбетов, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі – И.Шора және ақын, жазушы – Н.Бегалыұлы, Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі – Қ.Жылқыбайдың лента қию рәсімімен басталды.

Ордабасылық кітапханашылар өз кезегінде арнау өлеңдерін, кітап және қолөнер көрмелерін, үш жүзді біріктірген Ордабасы жиынына 295 жыл толуына орай әзірлеген тарихи көрінісін және қазақ палуаны – Қажымұхан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл толуына арнаған әсерлі бейнелерін көрерменге ұсынды.

Бұдан кейінгі апталарда «Рухани керуен Түркістанда» облыстық акциясының көшін Қазығұрт, Сарыағаш, Отырар, Созақ, Жетысай, Бәйдібек аудандарының аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, аудандық мәдениет және тілерді дамыту бөлімінің басшылары мен зиялы қауым өкілдерімен қатар жас өнерпаздар әннен шашу шашып, арнау өлеңдерімен бастап келді. «Жаңа қоныс құтты болсын!» деген ниетпен шашулар да шашылды.

Осы іс-шаралардың басы-қасында болып, аудандардан келген көшті қарсы алып, оларға құрмет көрсете білген «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы Шардарбековаға, аталмыш кітапхананың көрмелік бұқаралық ақпарат іс-шаралар секторы Пернекүл Налтаеваға алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, осы іс-шараларға Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, оның орынбасарлары Бақытжан Бейсембаев, Балтагүл Оспанова, қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, «Түркістан қалалық әйелдер алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлжалғас Мұстафаева, ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері – Қалқабек Искаков, Серікбай Боханов, Батырхан Сансызбаев, Өтепберген Қуанышбаев, Кеңес Мәрсәлі, Жақсыбек Бейсенов, Әжекұлы Балтабай, Мұрат Үмбетәлі, Әбдіманап Орымбетов, Еркінбек Байтілесов, Раушан Сержанова,Тамара Қиямбекова және басқа ардагерлер қатысып, өзіміздің игі тілегімізді айтып, осындай игі шаралардың жалғасын таба беруіне тілектес екенімізді жеткіздік.

Айта кетейік, «Рухани керуен Түркістанда» акциясы 2021 жылдың желтоқсан айының соңғы апталарына дейінгі уақытты қамтиды. Акцияға өңірлердегі 1 облыстық балалар кітапханасы, 17 аудандық орталық кітапханалар, жалпы облыс бойынша оқырмандарға қызмет көрсетіп отырған 393 кітапхана атсалысатын болады. Салт-дәстүрді дәріптейтін, әдебиет майталмандарының мерейін асқақтатын облыстық іс-шара «Оңтүстікфильм» мекемесінің қолдауымен, сонымен қатар әлеуметтік желілерде, «Түркістан» телеарнасы арқылы халыққа кеңінен насихатталуда.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,

қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы