ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

929 көрілім

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауда денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында көптеген қадау-қадау мәселелерді көтерді. Халқымыздың «Бірінші байлық – денсаулық» деуін алға тартып, бүкіл әлемді дендеген індетті дер кезінде қолға алып, онымен күресу шараларын атап өтті. Бұл тұрғыда Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі, отандық вакцинаның тиімді әрі қауіпсіз екенін, бүгінгі таңда отандық QazVac-қа өзге мемлекеттерден сұраныс түсіп жатқанын жеткізген болатын.

Түркістан қаласы облыс орталығы атанғаны үш жылдан аса уақыт өтті. Осы жылдар ішінде медицина саласында қандай жаңашылдық пен жетістіктерге қол жеткізді. Осыған тоқталып өтсек, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының мәлімдеуінше облыс бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы саны – 748 құрайды екен. Оның ішінде ауруханалар – 33, амбулаториялық-емханалар – 715, бұдан бөлек, бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы – 27, дәрігерлік амбулаториялар – 190, фельшерлік-акушерлік пункттер – 264, медициналық пункттер -212, қалалық және аудандық емханалар – 3, тағы басқалары – 5. Бұл аталған медициналық ұйымдардың техникамен жарақтандырылу деңгейі – 82,6 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға көтерілген.
Түркістан қаласында модульдік жаңа үлгідегі 200 төсек-орынға арналған инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Өңірде жаңадан Сауран ауданының құрылуына орай, орталығы Шорнақ ауылында Сауран аудандық емханасы ашылды. Жаңа құрылған Сауран ауданында 31 медициналық ұйым бар, оның ішінде 2 бірінші медициналық санитариялық көмек, 12 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 3 медициналық пункттер медициналық қызмет көрсетеді.
Түркістан облысы бойынша денсаулық сақтау саласын цифрландыру 4 бағытта жүзеге асырылуда (сауықтыру және алдын алу, ауруды ерте анықтау, медициналық көмек көрсету, ауруды басқару және оңалту). Облыс бойынша электрондық денсаулық паспорттары 100 пайыз қамтылған. 380050 адам мобильді қосымшамен пайдаланады. Осы көрсеткіштер нәтижесінде: – дәрігердің қабылдауына жазылғандар саны – 10843534, еңбекке жарамсыз парағы электронды нұсқада берілгендер саны – 82478 құрап отыр. 2021 жылға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, анестезиология және реанимация бөлімшелерін жарақтан-дыру мақсатында 394 дана (контролер падачи лекарственных средств инфу-зионный – 93, шприцевой насос – 103, монитор пациента – 180, оборудование для проведения бифокальной реза-нансной виброокустической терапии – 15, УЗИ экспертного класса – 1, компь-ютерная томография – 2) және ана мен бала бөліміне 91 дана медициналық техника сатып алу бойынша келісім шарт жасалды.
Түркістан облысында короновирусқа қарсы 933999 адам екпе қабылдады. Облыста екінші компонентпен 730711 адам вакцина алды. Жалпы, облыста пандемия белең алғалы 1053355 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 300 орын бар. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14721 жағдай тіркелген. Олардың 7498-де ауру симптомсыз өткен болатын.
Түркістан қаласында денсаулық саласы бойынша бас ауыз толтырып айтар жағымды жаңалықтың бірі еліміздегі ең ірі ауруханалардың бірі салынуда. Жалпы, аумағы 16 гектар жерді алатын 8 қабатты көпсалалы медициналық орталық қаламызда салынуда. 570 төсек-орынға шақталған заманауи емдеу кешені елімізде жоспарланған ірі жиырма аурухананың алғашқысы болмақ. Нысанның құны 188 млрд. теңгеден асады. 2019 жылы басталған құрылысты 2022 жылда аяқтау жоспарлануда. Өңірдегі ғана емес, республикадағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі болатын аурухананың жалпы ауданы 82 мың шаршы метрден асады.
Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан аурухана толық пайдалануға берілгеннен кейін 2000-нан астам медицина қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаға сәйкес, мұнда 13 бейінді бөлімше, сондай-ақ жүрек-қантамыр және коронарлық реанимация, гематология, оның ішінде күйікпен емдеудің 2 қарқынды терапиясы (ICU) төсегі жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, көпсалалы аурухана қабырғаларында 16 операциялық бөлме, оның ішінде 13 жоспарлы және 3 шұғыл көмек жұмыс орны істейтін болмақ. Мұнда кардиоваскулярлық хирургия, терапия, неврология, травмотология ортопедия, нефрологиялық, акушерлік ісі және гинекологиялық бөлімшелері жұмыс жасайды. Көпбейінді аурухананы «АТМ Turkistan Hospital» ЖШС қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны салып жатқанын айта кету керек. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында құрылысты монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан бұл аурухана толық пайдалануға берілгеннен кейін 2000-нан астам медицина қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл медициналық орталыққа мамандар Түркістан қалалық орталық ауруханасы есебінен толықтырылады және қосымша дәрігер мамандар даярлануда. Бұдан бөлек, Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Түркістан қаласында 190 төсек орындық балалар ауруханасын, 25 бригадаға арналған медициналық жедел жәрдем стациясын, бір ауысымда 300 адам қабылдайтын стоматологиялық клиника салу жоспарлануда.
Бүгінде заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтары мен цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ. Қазіргі таңда облыс бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда
12 КТ, 2 МРТ, 1 ангиографиялық құрылғы қызмет көрсетуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша қала және аудан орталықтарында мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдар «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесіне, жедел медициналық жәрдем станциясы «Көмек» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. Бұл жүйенің көмегімен «Электронды денсаулық паспорты» мен науқастарды тіркеу, кезекке қою, зертханалық қорытындылары және дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылулары электронды түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйымдарда Smart ECG жүйесі орнатылды. Smart ECG жүйесі – электро кардиограммаларды қашықтан шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттырады және медициналық мекемелердің шығындарын оңтайландыруға көмектеседі. Жүйенің өзектілігі Қазақстанның ауылдық жерлерінде және шалғай өңірлерінде кардиологтардың жетіспеушілігіне байланысты жұмысты оңтайландырады.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты қалалық медициналық ұйымдар бойынша 11 маман тапшылығы бар екен. Маман тапшылықтың басым көпшілігін бейінді мамандықтар бойынша дәрігерлер (ангиохирургия, акушерия және гинекология, инфекционист, анестезиолог және реаниматологтар) есебінен туындауда. Бос жұмыс орындары бойынша мәлімет «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасы порталында үнемі жаңартылып, жарияланады екен. Сонымен қатар, медициналық ұйымдар есебінен 3 реаниматолог (балалардың), 1 офтальмолог, 2 акушер-гинеколог дәрігерлері резидентурада өтіп жатқанынан хабардар болдық. Түркістан қалалық ауруханасының 13 дәрігері 2021 жылдың қазан-қараша айларында Түркия еліне білімін жетілдіруге және тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Қазіргі таңда, мамандар тапшылығын азайту басты мәселе болып табылуда.
Қаламызда медицина саласы күрделі оталарды жасауға қауқарлы. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, жоғары технологиялық медициналық қызмет қолжетімділігі аясында Түркістан қалалық ауруханасында жүректен шығатын қан тамыры отасы (резекция аорты с анастомозом) – 1 ота, ұйқы безі ісіктеріне жасалатын ота (радикальная субтотальная панкреатэктомия – 2 ота, бүйрекке (микрохирургическая инвагинационная вазоэпидидимостомия при обструктивной азооспермии) -2 ота жасалынғанын айтуымыз керек. Бұл бағытта медицина саласында қарқынды дамып жатыр деп айтуға толық негіз бар.
Осы орайда, қаламыздағы медицина саласының ардагері Төлеген Сансызбаев ағамыздың бүгінгі медицина саласы жайында пікірін білген едік. Төлеген ағамыз денсаулық саласында 45 жылдан бері халықтың игілігі жолында абыройлы еңбек ет-кен. Осынау еңбегі мемлекет тарапы-нан ескеріліп, 1984 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, 2017 жылы «Гиппократ» халықаралық медалімен марапатталған.
«Соңғы жылдары қасиетті шаһар облыс орталығы атанғалы қаламыздың медицина саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Сонымен қатар, Елбасы мен Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық саласын назардан тыс қалдырмай, соның нәтижесінде елімізде кейбір қожырап кеткен медицина орталықтарын қайтадан қалпына келтіру мен жаңа емдеу орындарын салу, әсіресе аурудың алдын алып, бұл саладағы әлемнің озық әдістерін меңгеруде айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын айтуға болады. Қазақта «Тәні саудың – жаны сау» деген аталы сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып, келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі дәрігерлік парызымыз. Біз халықтың бізге деген сенімі артатындай, қажетті кәсіби көмек алатынына күмәнданбайтындай, халыққа қалтқысыз қызмет етуіміз керек», – дейді Төлеген Сансызбаев.

Р.S. Иә, кешегі әлемді жайлаған короновирус індеті кезінде науқастарды емдеп, күн түн демей алдыңғы шептен көрінген осы ақ халатты абзал жандар болатын. Оларға қандай құрмет көрсетсекте жарасады. Демек, бұл мамандық иелерінің өмірлеріне тек жақсылық, шуақты күндер мен қуанышты сәттер тілейміз. Басты бақытымыз денсаулық десек, оның жолында бүкіл күш-қуатын сарп етіп, халық алғасын арқалап, қажымай талмай, еліміздің медицина саласын өркениетке бастап, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді мақсат еткен ақ желеңді абзал жандардың бұл бағытта бағындырар биіктері алда деп білемін.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы