ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ

1  629 көрілім

    Халықаралық қазақ-түрік университетінің аумағындағы бірнеше футбол алаңдарында   облыс көлеміндегі колледждердің отыз командасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бақ сынасты.

   Турнирді Түркістан облыстық адами ресурстарды дамыту басқармасы мен Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы колледж бірлесіп ұйымдастырды. «Бұл біздің Қазақстан» айдарымен өткізілген облыстық турнирдің минифутболдан жарыс алаңына шыққандар алдымен өз оқу орындарында іріктеуден өткізілген екен.

    Ахмет Ясауи атындағы колледж директоры Алтынбек Кенжалиевтің айтуынша, алдымен командалар арасында іріктеу сайысы өткізілді. Одан кейін олимпиадалық жүйе бойынша жеңген командалар әрі қарай ойындарын жалғастырып, жүзден жүйрік болғандары ғана мәреге жетті.

    Жақсы ойын-өрнегін көрсете білген Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледжі I-орынды иемденді. Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі II-орынды місе тұтты.  Шымкент көлік колледжі III-орынға табан тіреді. Жеңімпаз командаларға кубоктар мен Алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы