«ТУҒАН ЕЛІҢ – ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҚСЫ БІЛЕСІҢ БЕ?»

993 көрілім

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Оқушылар Сарайының базасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты 5-7 сынып оқушылары арасында республикалық балалар оқулары байқауының ІІ облыстық кезеңі ұйымдастырылды.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру мақсатында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты 5-7 сынып оқушылары арасында республикалық балалар оқулары байқауының І кезеңі бойынша 17 ауданнан 9245 оқушы қатысты.

    Түркістан облысы, Ордабасы ауданынан С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінен Әбділлә Әлихан және Қамбарова Інжу, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінен Рысқұлбекова Сауле, Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебінен Асанхан Темірхан, Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінен Әлшерова Венера қатысып, “Тарихым мақтанышым” номинациясымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы