ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РЕСПУБЛИКАДА ХАЛЫҚ САНАҒЫН АЛҒАШҚЫ БОЛЫП АЯҚТАДЫ

805 көрілім

Түркістан облысының тұрғындары жалпы халық санағынан 98,6% өтіп, республика бойынша алдыңғы қатарда. Сондай-ақ, облыс және республика көлемінде де бірінші болып Түркістан қаласы санақты 100% аяқтап отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов мәлімдеді.

2021 жылдың халық санағына Түркістан облысында 340 нұсқаушы-бақылаушылар, 2121 сұхбатшы жұмысқа тартылған.

«Халық санағының ІІ-кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтуде. Соның ішінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қазақстанның әрбір азаматы санаққа өздігінен онлайн режимде қатысты. Жалпы, облыста онлайн форматта 943 934 адам санақтан өтті. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер – еңбек нарығы мен жұмыссыздық деңгейін анықтауға, қажеттіліктерді білуге септігін тигізеді», – деді Арман Сәбитұлы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов санақ жұмыстары ағымдағы жылдың 30 қазанында аяқталатынын айтты. «Санақ жұмыстары аяқталған соң 8 қарашаға дейін қайта бақылау жұмыстары жүреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы