СҰХБАТШЫЛАР ЖАППАЙ ҮЙ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

637 көрілім

     2021 жылы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда халық санағы басталып кеткен болатын. Санақ екі тәсілмен жүргізілуде. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында интернет-сауалдар арқылы жүргізілсе, 1 қазаннан 30 қазанға дейін электрондық планшеттерді пайдаланумен (интервьюерлер) тіркеушілер дәстүрлі форматта қайта өткізуде.

    Қолдарына планшет ұстап, көк портфель асынған жандар келіп, есігіңізді қақса, қайта жабуға асықпаңыздар. Олар халық санағына дайындық жұмыстарын жүргізіп жүрген мамандар. Үй-үйді аралап, қанша адам тұратын сұрап, планшетке жазып алады. Халық санағы дәл осылай жүріп жатыр.  Ал, әр маман айдың соңына дейін 1000-ға жуық баспанаға барып үлгеру керек. Осы тұрғыда біздер «Шавгар» мөлтек ауданының тұрғындарының үйлерін аралап, планшетке тіркеп жүрген Асилова Алтынай сұхбатшының бір күндік жұмысымен таныс болдық.

    Мәселен, Алтынай Маралбекқызы бүгінге дейін 300-ге жуық үйде болған. Оның айтуынша күтпеген қонақты қала тұрғындарының бірі қуана қарсы алса, енді бірі есікті де ашпайды екен.  

    -Өзім декреттік демалыста едім. Халық санағы сияқты науқанға аз да болса үлесімді  қосайын деп статистика бөліміне жұмысқа тұрдым. Бүгінде маған берілген «Шавгар» мөлтек ауданында халық санағын айдың басынан өткізіп келемін. Өзімнің шынымен сұхбат алушы екендігіме көз жеткізу үшін тұрғындар тиісті төлқұжатымды, sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болатын кодты сұрайды,-дейді тіркеуші Алтынай Асилова.  

    Кейбір адамдар үйлерінде болмайды. Көбінесе қарт кісілер сөзіме сенбей есік ашпайды. Алайда, алдымыздан күліп шығып, түсіністікпен қарайтын тұрғындар да кездесіп жатады. Менің осы тұста айтар болсам, халыққа әлі де болса түсіндірме жұмыстарын жүргізсе екен. Себебі, көп тұрғындар күмәнмен қарап, дөрекілік танытатындар да бар. Енді бірі үйде болмайтын тұрғандар да баршылық. Мұндай жағдайда қайта барып, тіркеуге тура келеді, -деді. 

    Тіркеушілер әр тұрғынның үйлерінен алынған мәліметті тіркеуші планшетіне жазып алады. Оған небәрі 20-25 секунд уақыты кетеді екен. Әр маманның әрқайсының белгіленген өз аумақтары бар. Оны да тұратын баспаналарына жақын етіп ыңғайластырған. Сондай-ақ есіктің ар жағынан жауап қатып, адам санын айтпайтындар да баршылық. Мұндай жағдайда планшетке мекен-жайда 1 адам санын көрсетіп тұрады. Кейін санақ уақытысында қайтадан сұралады екен. Санақтың басты міндеті уақыттың белгілі кезеңінде  халықтың нақты сипаттамалары туралы ақпаратты жинау, әзірлеу және тарату болып табылады.

  Балдәурен ЖҰМАБЕКОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы