«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖОБАСЫ ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛЕС ҚОСАТЫН ЖАСТАРҒА ИГІ БАСТАМА

924 көрілім

    «2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынды. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп жатыр. Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған. Ондағы мақсат жастарды қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, өздерінің даму жоспарларын іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға көмектеседі.

     Мен Түркістан облысы тәлімгері ретінде «Елбасы медалі» жоба қатысушысы болдым. Жоба координаторы Айдын Ардақұлы және сарапшы Жанар Берікқызы қазан айының екісі күні «Ұстаздар мерекесіне» орай кино көру іс-шарасын ұйымдастырды. Фильм соңында қатысушылар тәлімгерлерге гүл сыйлады. Тәлімгер ретінде өзімді бақытты сезіндім. Фильмнің атауы «Мен ұстазбын» деп аталады. Фильмді көрген сайын жаңа әсер аласыз, берері көп туынды. Барлық ұстаздарға көруге кеңес берер едім. Елбасы медалі жобасының қатысушылары өздерін 7 бағыт бойынша дамытып қана қоймай, жан-жақты дами алады. Елбасы медалі жобасы тек іс-шара ұйымдастырумен шектеліп қоймай, қайырымдылыққа да баса мән береді. Мысалы, билет құны 800 болса, киноға келген  қатысушылар мен тәлімгерлер бар болғаны 250 теңге төледі және сол жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Бұл әрекет Волонтерлік іс бағытымен айналысып жатқан қатысушыларға үлгі болады деген ойдамын. Осы жобада болғаныма қуаныштымын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

 Ақылзат БАЙМАХАНОВА,

«Елбасы медалі» жобасының тәлімгері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы