- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алқабына қарасты ауыз екі тілде «Тұран» ауылы аталып кеткен аймағына Түркістан қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі және Түркістан облыстық полция депатаменті қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Рейдтік шара кезінде «Тұран» ауылы аумағында сарқынды су жүйесін жүргізіп жатқан мердігерлерден бірқатар кемшіліктер анықталды. Нақтырақ тоқталар болсақ, аталған аумақта сарқынды су жүйесін жүргізіп жатқан мердігер «Үшсай» ЖШС асфальт жабындысын бұзып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық көліктердің жүруіне кері әсерін тигізген.



Сонымен қатар, құрылыс барысында асфальт жабындысы бар жолдарды көлденеңінен қазуы, қоғамдық көліктердің бекітілген жүру сызбасынан ауытқуына себеп болған. Соның салдарынан, қоғамдық көліктердің арақашықтық уақыты ұзарып, жолаушыларға қиындықтар туындауда. Рейдтің нәтижесінде кемшіліктерге жол берген мердігер «Үшсай» ЖШС-не әкімшілік хаттама толтырылып, бұзылған асфальт жабындысын қайта қалпына келтіруге мерзімін көрсетіп ұйғарым берілді.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ