ҚАЗАҚ ТЕАТР САХНАСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ “БӨРТЕ” ҚОЙЫЛДЫ

658 көрілім


Бүгін түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы жаңа театр “Бөрте” спектаклін көрермен назарына ұсынды. Аталмыш қойылым, жазушы, драматург Дулат Исабековтың пьесасына негізделген.
Жаңа қойылымның шымылдығын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ашып берді.

Басты рөлді Еркебұлан Дайыров, ал Айя Шәріп Бөртенің рөлін сомдады.Жаңа театрдың алғашқы қойылымын көрсетуге белгілі италиялық режиссерлер Давиде Ливермор мен Карло Шаккалуга шақыртылған.Сондай-ақ қойылымға Қазақстанның әр аймағындағы театрлардан талантты жас актерлер мен танымал қоғам қайратерлері де қатысты. Атап айтсақ, рөлдерді Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекзанар-Ханинга, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алихан Ыдрышева, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Айя Шәріп сынды кәсіби актерлер сомдады

Бөртеге арналған шығарма қазақ сахнасында тұңғыш рет қойылып отыр. Қойылым 10-11 жастағы Темүжін мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңдерін қамтиды. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған шайқасқа дейін жетеді. Темүжін алауыздық жайлаған тайпаларды біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады. Драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Тарихи спектакльдің ғылыми кеңесшісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлан Атығаев. Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындалғанымен ерекшеленбек. Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыка да жазыпты.

Ғалия БИСЕЙІТ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы