- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Халқымыз қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы ұрпақ тәрбиесіне баса зейін қойған. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Осы орайда қарияларды ардақтап, 1-қазан қарттар күні мерекесі қарсаңында қаламызда бірнеше мерекелік іс-шаралар мен басқосулар өтті. Соның бірі тарихи шаһардағы қалалық орталық кітапхана мереке күніне орай, «Көп жасаған қария, ақыл теңіз дария» атты өнегелі іс-шара ұйымдастырған болатын.
Мерекелік жиынның мақсатын шара ұйымдастырушылары кітапхана оқырмандарының бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, салт – дәстүрді ұмытпай, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу деп түсіндірді.
Жиынға кітапхана маңынан ашылған «Замандас» клубының мүшелері ақ жаулықты апаларымыз Жексенбаева Ұлтусын, Сейітжаппарова Қарлығаш, гуманитарлық – индустриалды педагогикалық колледжінің кітапхана қызметкері Махамбетова Дана қатысты.
Үлкенге құрмет көрсеткен кітапхана оқырмандары шара қонақтарына өлең шумақтарын арнады. Мерекелік жиын соңында ардақты аналар ел өркендеуіне үлес қосар келешек жастарға бата тілеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Қарлығаш САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ.